"Ақ-Жол-автодорожный" бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Қырғызстан шекарасы арқылы ірі көлемдегі ақшаны өткізуге тосқауыл жасады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.
Бақылау-өткізу бекетінен 28 жастағы қырғызстандық Қазақстанға өтпек болған.
"Шекара бақылауы кезінде ер адамның рюкзагынан шетел валютасы - шамамен 147 миллион қазақстандық теңге табылды. Азамат ілеспе құжатсыз валютаны алып өтпек болған. Құжаттар толтырылғаннан кейін ұсталған азамат қосымша тергеу жүргізу үшін құзырлы органдарға тапсырылды", - деп хабарлады ведомство.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!