Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейтін қырғызстандық Исламбек Советбеков 24.kg басылымына көмек сұрап жүгінген. Ол қазір Қазақстанда қиын жағдайда жүрген Мақсат Төрөбекұлы Ишенбаевтың туыстарын іздеуде жәрдем сұраған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі
Исламбек Советбековтің айтуынша, Ресейге рейстер кезінде Маратты Ақтөбе облысының Хромтау қаласында "Шерхан" тұрағында екі рет кездестірген: алдымен қаңтарда, кейін осы жуырда.
"Мақсат Ишенбаев Атырауда жұмыс істегенін, онда еңбек құлдығына түскенін айтты. Ол сол жерден қашып шыққан, бірақ құжаттарынсыз қалған. Ер адамның сөзінше, Бішкекте "Тунгуч" шағынауданында ағасы Азамат Ишенбаев тұрады, сондай-ақ, Марат Ишенбаев есімді ұлын атаған", - деп жазылған басылым мәліметінде.
Басылым ер адамды таныған адамдардан байланыс орнатуды сұраған.
Редакция Атырау облысы Полиция департментіне сауал жолдады. Ведомство әзірге пікір білдірмеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова