Жалған шот-фактуралар жасаған күдікті Қырғыз Республикасынан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокуратура экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасаған Қазақстан азаматын Қырғыз Республикасынан экстрадициялады.
2023 жылы күдікті пайда табу мақсатында іс жүзінде жұмыстарды нақты орындамай, жалған шот-фактура жазып беру схемасын ұйымдастырған.
"Заңсыз әрекет салдарынан мемлекет бюджетіне 350 млн теңгеге жуық салық төленбеген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылғы наурызда ол Бішкекте ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды", - деп жазылған хабарламада.
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!