Қырғызстандықтар тегіндегі "-ов", "-ев" қосымшаларынан бас тартып, өз тілдерінде атауға ауысып жатыр. Тиісті заң жобасын депутаттар қолдап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі KaktusMedia-ға сілтеме жасап.
Депутаттар заңға енгізілген түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасында тегі мен әкесінің атының емленің жаңа нұсқалары бойынша былай аталатын болады:
Депутат Жылдыз Садырбаева фамилиядағы "-ов" және "-ев" қосымшаларының жойылуына алаңдаушылық білдіріп, осы мәселе бойынша түсініктеме беруді сұрады. Ал жоба авторларының бірі Мирлан Самыйемқожа бұрыннан бар емле, оның ішінде "уулу" және "қызы" сөздерінің қолданысы сақталатынын айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!