- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қырғыз-тәжік шекарасында атыс...
Қырғыз-тәжік шекарасында атыс қайта басталды
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жарияланған бітімге қарамастан, атыс қайта басталды. Тараптар бір-бірін шабуыл жасады деп айыптап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
24.kg басылымы мәліметінше, Қырғызстанның ҰҚМК Шекара қызметі өкілі тәжік тарапы қырғыз ауылдарына оқ жаудыра бастағанын мәлімдеген.
"Тәжік тарапы Баткен облысы Лейлек ауданының Құлынды, Мақсат және Жаңа Жер аудандарына оқ жаудыра бастады. Қарулы қақтығыстар қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының бүкіл аумағы бойынша жүріп жатыр. Осы бағытта орналасқан ҰҚМК ШҚ әскери қызметшілері кері оқ атып жатыр", - делінген хабарламада.
Ал Тәжікстан ҰҚМК Шекара әскерінің баспасөз қызметі мәліметінше, керісінше, олар қырғыз әскери күштері шабуыл жасағанын айтып, айыптады.
"16 қыркүйекте таңғы сағат 04:50-де Қырғыз Республикасының Баткен шекара жасағының Көктош шекара заставасының шекарашылары келісімді бұзып, Исфарин шекара жасағының Душанбе шекара заставасына оқ жаудырды. Тәжікстан ауыр қаруды қолданады. Қырғыз әскери қызметшілері ауыр қару қолданып, Исфара қаласының Ходжай Аало, Куммазар, Сурх, Сомонян, Құлканди, Хистеварз және Овчикалачай Бабаджон-Гафуров ауданының елді мекендеріне шабуыл жасады", - делінген "Ховардың" хабарламасында.
Бұл ретте тараптар бұған дейін бітімгершілік туралы уағдаласқан болатын.
Еске салайық, 14 қыркүйекте таңертең Баткен ауданының Бұлақ-Башы елді мекенінде қару қолданылған қақтығыс болған еді. Қырғызстанның үш азаматы, оның ішінде 11 жастағы бала жарақат алған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова