- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қырғыз президентінің қымбат...
Қырғыз президентінің қымбат киімі талқыға түсті
Төтенше жағдайлар министрлігіне құрал-жабдық табыстау рәсіміне Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 5 мың доллар тұратын кашемир кардиганмен келді. Президенттің қымбат киімі әлеуметтік желіде қызу талқыланды, - деп хабарлайды Кaktus.media.
Бұл әйгілі италиялық Ermenegildo Zegna ерлер киімінің кардиганы екені белгілі. ТМД елдерінің аумағында мұндай модель Мәскеудің Орталық әмбебап дүкенінде ғана сатылады. TSUM веб-сайтындағы осы кардиган 300 000 рубльге бағаланады, бұл шамамен 5 мың доллар.
Еске салайық, биыл маусымда Садыр Жапаров Нарын облысындағы Солтон-Сары алтын кен орнына италиялық MOORER брендінің мың еуролық күртешесімен барды.
Ал 2022 жылдың мамырында Айт намазына құны мың еуродан асатын күдері мен меринос жүнінен жасалған күрте киіп, 2022 жылы наурызда Ту күнін мерекелеуде құны 4000 доллар тұратын жібек пен кашемирден жасалған пальто киіп, 2021 жылдың күзінде базардағы сатушылармен кездесуге 6 мың долларлық күртеше киіп барамын деп Желіде тағы да талқыланған болатын.
Г. Досымшалова