Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Ақ тілек - автожол" бақылау өткізу бекетінде 410 көлік кептелісте тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қырғызстанның ҰҚК Шекара қызметі Ақпарат және коммуникация басқармасына сілтеме жасап.
23 қазанда сағат 12.00-дегі жағдай бойынша шекаралық бақылаудан өту үшін бұл бақылау өткізу бекетінде 410 жүк көлігі кезекте тұрған.
Соңғы тәулікте "Ақ-тілек - автожол" өткізу пункті арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға Кант цемент зауытының өнімдері бар жеңіл автомобильдер мен жүк көліктерін есептемегенде 297 жүк көлігі шықты. Бірақ өткізу пункттерінің қабылдап жатқан шараларына қарамастан бақылау өткізу бекетінде көліктер кезекте тұр.
"Жүк көліктерінің кептелісі маусымдық сипатқа ие. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдері мен халық тұтынатын тауарлар экспортының ұлғаюына байланысты. Қырғызстан мен Қазақстанның шекара қызметтері тарапынан жүк көліктері үшін шектеу жоқ. Қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істейді", - деп жазылған хабарламада.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз