Мобилограф Қыран Талапбек НТК телеарнасындағы Taboo бағдарламасында актриса, бұрынғы әйелі Айжұлдыз Адайбековамен қарым-қатынасы және ұлы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол сұхбатында бұрынғы әйелімен жақсы күндерді өткізгенін, сол үшін оны ешқашан жамандамайтынын айтан.
"Тек сыйлаймын. Бұл - бұрынғы өмірім, бұл нәрсе өтті. Болды, кетті. Жалпы сұхбатта емес, өмірімде бұл тақырыпқа қатты кіргім келмейді. Бірақ баламның анасына позициям - нейтрал. Құрметтеймін. Ол біріншіден ана, ұлымның анасы. Оны құрметтеймін. Онымен жақсы күндерімді өткіздім. Мұндай адамды жамандап ешқашан айтпаймын", - деді Қыран Талапбек.
Ол өзінің баласын шамамен алғаш рет 6-7 айлығында көрген. Дәл сол сәтте не сезінгені туралы Telegram-дағы каналына жазба да жариялаған.
"Барлық жағынан қолдаймын. Баламды көргенде өзімді көргендей боламын. Алдында баламмен ресторанда жүрдім. Сол кезде асүйіне кірем дейді. Балаға қызық қой енді. Мен оны көтеріп, басқа жаққа алдап апарамын. Алданбайды ғой. "Сол жаққа кірем" дейді.
Ертең балам нені оқимын, не істеймін десе де, қолдаймын. Уақытым бар кезде көрісіп тұруға тырысамын, көбірек уақыт бөлуге тырысамын.
Нақты есімде жоқ, 6-7 айлығында көрген сияқтымын. (...) Менің қазіргі басты миссиям - оның адам, тұлға болып қалыптасуына септігімді тигізу, куәгері болу. Ертең ол бала өседі, мектепке барады. Сұрақтар туындайды, оның жағдайын жасау керек", - деді ол.
Қыран Талапбек сонымен бірге баласына өзінің тегі берілмегенін айтты.
"Білмейді екенмін. Менің тегімді алмағанын білемін", - деп жауап берді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!