- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қыран Талапбек пен...
Қыран Талапбек пен Моңғолияның Президенті ортақ жазба жариялады
Фото:
instagram.com/kyran_talapbek
Моңғолия Президенті мен Қыран Талапбек әлеуметтік желіде ортақ пост жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы танымал тележурналист Динара Сәтжан өзінің Telegram арнасында жазды.
Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух жақында Астанаға саммитке келген. Ал қазақстандық мобилограф Қыран Талапбек оның елге келуін камераға түсірген. Қыран Талапбек әлеуметтік желіде жариялаған видеороликті көптеген елдің басшылары қабылдамаса да Моңғолияның Президенті әлеуметтік желіге мән беріп, ортақ видеоның коллаборациясын қабылдаған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина