Шымкентте сталкинг дерегі бойынша екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алғашқы оқиғада қала тұрғыны полицияға бұрын қарым-қатынаста болған ер адамға қатысты арызданған. Қарым-қатынас тоқтағанына қарамастан, күдікті ер адам әйелді мазалауын қоймаған: түрлі нөмірлерден қоңырау шалып, хабарламалар жазған, үйіне және жұмыс орнына барып, тыныштығын бұзған.
Жәбірленуші байланысын толық үзіп, әлеуметтік желілерде бұғаттап, кездесуден қашқанымен, қудалау тоқтамаған. Күдікті жедел ұсталып, қамауға алынды.
Екінші жағдайда сталкинг күш қолдануға ұласып, жәбірленуші полицияға жүгінген. Бұл жайт бойынша сталкинг және ұрып-соғу баптарымен қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Қылмыстық істер тәулік ішінде сотқа жолданған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова