Қымыздың салмақ тастауға қатысты күтпеген әсері анықталды

Қымыздың салмақ тастауға қатысты күтпеген әсері анықталды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қымыз - адамға қажетті дәрумендер мен микроэлементтермен қаныққан бие сүтінен дайындалған сусын. Ол миды нәрлендіреді, жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады, сонымен қатар майлар мен көмірсулардың зат алмасуын жеделдетеді, соның арқасында артық салмақтың төмендеуіне ықпал етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Общественная Служба Новостейге" сілтеме жасап.

Қымыз құрамында С дәрумені көп, соның арқасында ол иммунитетті айтарлықтай нығайтады, ал сусын құрамындағы Е дәрумені қандағы холестерин деңгейін төмендетеді.

Сонымен қатар, қымыз құрамындағы маңызды дәрумен - бұл В1 немесе тиамин, соның арқасында ол жүйке импульстарының берілуін тұрақтандырады, жүйке жасушаларын қорғайды, жалпы жүйке жүйесін қолдайды, миды нәрлейді.

Сусын тіс пен сүйекке де пайдалы, ал ер адамдарға ол еркектік қабілетін жақсартуға көмектеседі.

Сарапшылардың мәліметінше, қымыз құрамында пантотен қышқылының көп болуына байланысты ұйқы безі ауруларына, гастритке және улану кезінде көмектеседі. Сусынның құрамындағы В9 дәрумені немесе фолий қышқылы ісіктердің алдын алуды қамтамасыз етеді. Сарапшылар тіпті химиотерапиядан кейін онкологиялық науқастарға қымыз ішіп, ешкі мен жылқы сүтінен жасалған өнімдерді жеуге кеңес береді. Қымыз физикалық денсаулыққа пайдасынан басқа, психикаға да көмектесе алады, мысалы, В1 дәруменінің жоғары болуына байланысты ол көңіл-күйді жақсартады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә