Отандық туроператорлар жасаған сауалнама бойынша қазақтың үздік бес тағамы анықталды. Сауалнамаға Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келген қонақтар жауап берген, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шетелдік қонақтардың есінде қалған тағамдардың бестігі асылған еттен басталады. Екінші орында – бауырсақ. Әсіресе шетелдіктер ши бауырсақты кәдесый ретінде көп сатып алған. Үшінші орында – қымыз, төртінші орында – құрт, бесінші танымал болған – шұбат.
"Еліміздің ұлттық тағамдары – тек тамақ қана емес, өткен мен бүгінді байланыстыратын мәдени көпір. Гастрономиялық турлар шетелдік туристердің Қазақстанға жасаған сапарларының маңызды бөлігіне айналды", – деді Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің ресми өкілі Айжан Жолдасбекова.
Еске салайық, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу рәсімі көрерменсіз өткен болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!