Жамбыл облысында көліктерді алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жай
Тараз қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны жүгінген. Оның сөзінше, танысы алдап, сеніміне кіру арқылы 8 Toyota Camry көлігін иемденіп алған.
Полиция мәлімдемесі
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысында осы қылмысқа Тараз қаласының 30 жастағы тұрғынының қатысы бары анықталған.
"Жүргізілген жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде Toyota Camry маркалы 5 көлік табылды. 2025 жылғы 10 ақпанда қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес аяқталып, облыстық прокуратураға жолданды", - деп жазылған хабарламада.
Полиция өзге ақпаратты жария етпеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова