- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қылтамыры жарылған, арқасы...
"Қылтамыры жарылған, арқасы көгерген". Қарағандыда бүлдіршіндер балабақшадан жарақат алып келген
Қарағандыда білім беру басқармасындағылар ата-аналар мен жеке балабақша директоры арасында арағайындық жасап жатыр. Бірден екі отбасы балаларының балабақшадан жарақат алып келгенін айтқан. Олар қандай жағдай болғанын білу үшін бейнебақылау камерасының түсіргенін сұрапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Бірақ жағдайды түсіндірудің орнына балабақша басшылығы ата-аналармен сөзге келген. Ерегескенде топтың балаларын қабылдамай қояды. Ашуға мінген ата-аналар бүгін меселені шешуді сұрап білім басқармасына жиналды.
"Баланың беті сырылмақ түгілі, қылтамырлары жарылып кеткен. Тағы бір кісінің де баласы арқасы көгерген. Біз ұрысайын деген жоқпыз. Біз камераны көрсетсін деп сұрадық. Өйткені білуіміз керек қой. Жанель апай баламызға не болғанын айтпай, бірден "шығыңдар" деді", - деді Айғаным Әбдіхамитова.
Мына суреттерде балалардың жарақат алған жері түсірілген. Ата -аналар олар ойнап жүріп құлауы, соқтығысуы немесе тәрбиешілер қол жұмсайтыны бар-жоғын білгісі келген. Онсыз да балабақшадағы балаға қарау мәселесінде түсетін арыздар бар екен.
Айтуларынша мемлекеттен тапсырыс алатын балалабақша директоры түсінік берудің орнына өздеріне қарсы шыққан. "Ұнамаса, кетіңдер" депті. Айтқанындай ертеңінде топта карантин деп балаларды кіргізбей тастаған. Ол аздай, ата-аналарға келісімшартты бұзғаны туралы хабарлама жіберген. Балабақша басшылығы түсінік беруден бас тартты. Наразы топ құқық қорғау органдарына да арызданған. Ал білім бөліміндегілер араздасқан топты бір мәмілеге келтіруден басқа амал жоқ деп отыр. Өйткені келісімшарт бұзылса, бірден 28 баланы қамтитын дайын тұрған орын да жоқ.
"Ақпарат түсіп жатыр, балаларды шығарып тастайды деген. Кеше кешкі уақытта балабақша директорының ата-аналарға ескертуі келіп түскені белгілі, сіздермен бір айдан кейін келісімшарт тоқтайды деген. Қазір осы мәселе бойныша сөйлесіп жатырмыз, ата-аналармен де, балабақша директорымен де. Шешімін қосымша хабарлаймыз", - деді Қарағанды білім бөлімінің басшысы Есентай Әшімов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы