Қылмыстық топты басқарған күдікті Польшадан экстрадицияланды

Қылмыстық топты басқарған күдікті Польшадан экстрадицияланды
Фото: Видео кадры

Синтетикалық есірткі сату және қылмыстық кірісті заңдастыру бойынша трансұлттық қылмыстық топты басқарған күдікті Польшадан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы елшілігінің көмегімен Украина азаматын экстрадициялады.

Арнайы прокурорлар қылмыстық істі тергеу барысында күдікті трансұлттық қылмыстық топтың басшысы ретінде Telegram мессенджерінде Kaef Mafia интернет дүкені арқылы есірткі және психотроп заттарды жүйелі түрде байланыссыз сатуды ұйымдастырғанын анықтаған.

Қылмыстық әрекет нәтижесінде банк шоттары арқылы 2,8 млрд теңгеден аса қаражат өткізілген, олар Қазақстаннан тыс жерге шығарылған, бірақ кейін қабылданған шаралар арқылы мемлекет пайдасына тәркіленген.

Сонымен қатар, жедел іс-шаралар барысында осы қылмыстық топ мүшелерінен 1,2 келі есірткі және психотроп заттар алынған. Қылмыс жасалғаннан кейін топ мүшелерінің бір бөлігі сотталған, ал күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

"Ол былтыр желтоқсанда Польша аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget