- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қылмыстық топты басқарған...
Қылмыстық топты басқарған 2 қазақстандық Түркияда ұсталды
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты басқарған 2 Қазақстан азаматы Түркияда ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген 2 Қазақстанның азаматын ұстады.
Биыл 3 сәуірде олар Стамбулдан Алматы қаласына этаппен жіберілді.
"Ұсталған 2 қазақстандық аса ірі мөлшерде алтын контрабандасын ұйымдастырды, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басшылық жасады деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды ", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина