- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қылмыстық іс қозғап,...
"Қылмыстық іс қозғап, заңмен қудалайтын боламыз". Ерке Есмахан оқырманын сотқа бермек
Эстрада жұлдызы, әнші Ерке Есмахан жақын арада сотқа жүгінуге мәжбүр екенін айтты. Өнер иесінің сөзінше, әлдекім оның таза еңбегінің ақшасын қалтасына басып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасында жариялады.
"Жолдасым екеуіміз бір мәселені өзара жылы жапқымыз келген. Бірақ сотқа жүгінуге тура келіп тұр. Біздің таза еңбегіміздің ақшасын қалтасына басып алып, түк болмағандай намыссыз жүр бір еркексымақ. "Ұрлық түбі – қорлық" дегендей осы істі аяғына дейін жеткізу керек болып тұр. Басқа амал жоқ. Қомақты соманы бізден ұрлағанын адвокатқа мойындағанымен, ақшаны орнына қоймай жүр. Енді қылмыстық іс қозғап, заңмен қудалайтын боламыз. Егер оңынан шешілмесе, бәрін айтып беремін", - деп жазды Ерке Есмахан.
© instagram.com/erke_esmahan
Айта кетейік, әнші бұған дейін отбасындағы жауыздық мәселесі туралы айтқан болатын. Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Е. Ерболұлы