- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қылмыстық жолмен алынған...
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл: Тоқаев заңға қол қойды
Фото:
akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланатыны хабарланды.
Е. Төлеш