- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қылмыстық жолмен алынған...
Қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастырған күдікті Сербиядан елге қайтарылды
Ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы бір мүшесі Сербиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстаннан тыс жерлерге қашып кеткен заң бұзушыларды экстрадициялау бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Бүгін Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен оның сыбайласын Сербия Республикасынан экстрадициялады.
Олар 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойындарын өткізуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген. Бұл заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 86 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.
Осыған байланысты күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, кейін олар халықаралық іздеуге жарияланған. Қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Айта кетейік, фигурантты экстрадициялау Қазақстан мен Сербия арасындағы "Ұстап беру туралы" шарттың болуына байланысты мүмкін болды.
Еске салайық, 18 қарашада "OLIMP KZ" букмекерлік кеңсеcінің қызметімен байланысты қылмыстық топтың құрамында болған күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина