Бас прокуратура өкілдері қаңтар оқиғасы кезінде қылмыскерлер бейбіт тұрғындарды өз қатарына қосылуға мәжбүрлегенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокуратура өкілдерінің мәліметінше, тәртіпсіздіктер кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің, полицияның, жедел жәрдемнің, басқа да мемлекеттік қызметтердің 345 қызметтік және 116 азаматтық көлігі зақымдалған. Салдарынан 16 медицина қызметкері, 34 өртсөндіруші және 8 құтқарушы зардап шекті.
"Қылмыскерлер бейбіт тұрғындарды өз қатарына қосылуға мәжбүрлеген, такси жүргізушілерін, ауыр жүк көліктер мен автобус жүргізушілерін көшелерді жауып тастауға мәжбүрлеген. Ұрлық дерегі бойынша 2645 соталды тергеп-тексерулер тіркелді", - деді Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.
Бұл қылмыстар бойынша 484 адам күдікті деп танылды, 2 адам қамауда, 460 адам сотталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!