Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот талқылауы аяқталуға жақын. Біртанов соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сот тергеуі қиын, шиеленісті өтті, жүйкеміз жұқарды, бірақ ақырына жеттік. Әр тарап сөйлеуге, өз дәлелдерін ұсынуға мүмкіндік алды. Зерттегіміз келген істің барлық материалын, заттай дәлелдемені зерттеп, барлық куәгерді тыңдап, айыптаудың дәлелдерін естігеннен кейін, мемлекеттік айыптау ұсынған қылмыс жасалды деген деректі дәлелдей алмағанына көз жеткіздік. Ұсынылған деректер, іс материалдары мен айғақтар, жазбалар мен бұйрықтар барлық мән-жайды ашты. Бұл арқылы қылмысты, қиял мен өтірік қосылған айыптау актісінде көрсетілген қылмыстық ниетті көрген жоқпыз. Сайып келгенде, жарыссөзде мемлекеттік айыптау мен прокуратура тағылған айыпты дәлелдей алмады, қылмыстың диспозициясы, толық және жекелеген тұстары, қылмыстың құрамы мен оқиғаларын қалыптастыратын деректер ұсынылмады", - деді Біртанов соңғы сөзінде.
Біртанов прокурорлар мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлерін құқықбұзушылық жасады деп айыптады, олардың заң бұзып, деректерді бұрмалап, куәгерлер мен айыпталушыларға қысым жасап, азаптап, сараптама нәтижелерін бұрмалап, сондай-ақ, заңды дұрыс түсіндірмегенін мәлімдеді.
"Бұл дәлелдің барлығы заңды өрескел бұза отырып жиналды. Олай болмауы керек. Олар дәлел ретінде таныла алмайды. Кеңесу бөлмесінде қалай өтініш білдіргенімізді бағалайсыздар және өз үкіміңізді осы өте күмәнді дәлелдерге негіздемейсіз деп үміттенеміз.
Біз сізге осы оқиғаларға шынайы сипаттама беретін көптеген дәлел ұсындық. Заңдар, заң актілері, келісімшарттар және оларға қосымша, техникалық құжаттар, куәгерлердің хаттары мен айғақтары, тіпті осы оқиғаларды жан-жақты түрде сипаттайтын жеке хат-хабарлар берілді, құрметті сот. Біз де, сіз де қылмыс жасалмағанын көріп отырмыз", - деді Біртанов.
Экс-министр министрлік пен басқа да мемлекеттік органдардың басшылығындағы адамдар осы платформаны іске қосу жөніндегі мемлекеттік міндетті шешкенін, бірақ орасан зор қиындықтарға, соның ішінде пандемияға тап болғанын айтты.
"Бірақ бұл қиындықтар заң аясында және келісімшарттық міндеттемелер аясында шешілді. Шешілді, күрделі, мүмкін қауіпті шешімдер қабылданды, біреу олардан аулақ болды, бірақ біреу шешім қабылдады. Түпкі мақсат - платформаны іске қосу үшін. (...) Ешкімге қажет емес әрі зиян іс тергеу басталғанға дейін қол жеткізбек болдық. Барлығы тоқтатылып, бәрі бұзылып, бәрі қашып кетті. Әрине, бәрі қорқады. Міне, нағыз ақиқаты", - деді Біртанов.
Ол өзінің де, Олжас Әбішевтің де арам пиғылы болмағанын айтты.
"Қылмыс жасалмады, жеке пайда көзделмеді. Анықталмады, дәлелденбеді, расталмады. (...) Кеңесу бөлмесінде біздің тарап ұсынған дәлелдерді жан-жақты бағалайсыздар, мемлекеттік айыптау тарапы ұсынған заңсыз дәлелдерді толық бағалап, кінәсіз деп танып, Олжас Әбішевті де кінәсіз деп танисыздар деп үміттенемін. Қылмыскер емеспіз, заңды бұзған жоқпыз", - деп сендірді бұрынғы министр.
Айта кетейік, Біртанов екі іс бойынша айыпталып отыр. Біріншіден, Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын жұмысқа қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Екіншіден, Біртановқа 2020 жылғы маусымда Тараздан COVID-19 жұқтырды деген күдікпен Астанаға жеткізген кезде санавиация бортын пайдаланды деген айып тағылған.
Еске салайық, бұған дейін экс-министр Біртанов сотта мәлімдеме жасағаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!