Қылмыс үстінде ұсталған: БҚО-да мекеме қызметкері сотталды

БҚО-да мекеме қызметкері сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Жүргізілген іс-шаралар барысында мекеменің режимдік бөлімі бастығының міндетін атқарушы делдал арқылы 15 мың теңге көлемінде кезекті пара алу кзінде және 3 ұялы телефонды алып кіргені үшін қылмыс үстінде ұсталды. Мекеме қызметкері тыйым салынған марихуана заттарын әкелгені де анықталған.

"Күдікті мекеме қызметкері кінәсін мойындады. Орал қалалық сотының 2024 жылғы 16 шілдедегі үкімімен мекеме қызметкеріне Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша пара сомасының отыз еселенген мөлшерінде, яғни 450 мың теңге айыппұл салынды", - деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында.

Осы үкіммен тағы 2 адамға қатысты түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.       Үкім заңды күшіне енді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз