- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қылқындырып, ұратын". Танымал...
"Қылқындырып, ұратын". Танымал блогер өгей әкесінен көрген қорлықты айтып берді
Танымал блогер, Sajol лақап атымен танылған Сымбат Қасымова НТК телеарнасындағы Taboo бағдарламасына берген сұхбатында өгей әкесі туралы бар шындықты айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өзімнің әкем жоқ, өгей әкем болды. Өгей әкеммен қарым-қатынасым өте қиын болды, өте. Ол кісі екі жыл бұрын өмірден озып кетті. Мүмкін мен оны қабылдай алмаған шығармын, ол мені қабылдай алған жоқ шығар? Мен университетке кеткенге дейін бір үйде тұрдық қой. Ол адам бар, бір-бірімізбен сөйлеспейміз, мүмкіндігінше көріспеуге тырысамыз. Оған қоса, екі-ақ бөлмелі үйде тұрамыз. Өйткені ол кісі қол көтерді. "Сен маған неге қол көтересің?" деген ой болды", - деді ол.
Блогер сонымен бірге бұл жағдайдан анасының да хабары болғанын айтты.
"Біріншіден, өзім қиын жасөспірім болдым. Қалай айтсам екен, өте қырсықпын, өз дегенімді ғана істейтін адаммын, біреу маған бірдеңені мәжбүрлеп істетсе, мен оны қабылдай алмаймын. "Сен кімсің?" деп ұрысқан кездерім болды, сол кезде қылқындырып тұрып ұрды. Содан кейін жек көріп кеттім", - деді блогер.
Ол сонымен бірге өгей әкесін қабылдамауына бұдан да өзге жағдайлар әсер еткенін әңгімеледі, бірақ оны ашып айтпады.
"Бірақ ол кісіден өгей сіңлім бар, анамыз бір, әкеміз бөлек. Сіңлімді қатты жақсы көремін. Сол сіңлім үшін ғана ол кісіге ризамын. Екі жыл бұрын өмірден озып кетті. Вакцинаны көтере алмай қалды. Коронавирустың вакцинасын. 40-тан асты ғой, мүмкін 48-де болған шығар. Тіпті жасын да білмеймін", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан