- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қылғынып таға алмаймын"....
"Қылғынып таға алмаймын". Имиджін өзгерткен Құрманай Бақтиярқызы өзін сынаған оқырмандарына жауап берді
Фото:
instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy
Әнші, ақын Құрманай Бахтиярқызы өзін сынаған оқырмандарына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құрманай Бахтиярқызын соңғы жариялаған сурет-видеоларында орамалсыз, қалпақ киіп жүргенін байқауға болады. Мұны көрген оқырмандары оның орамалын шешіп тастағанын жазып, сынға алды.
Алайда ақын орамалды тастамағанын, тек оны қылғынып таға алмайтынын айтты.
"Шыдаймыз, сол үшін де Аллаға ұнаймыз. Алла тағалам да шыдамдылықты ұнатады. Мен орамалымды тастаған жоқпын, Алла сақтасын. Тек қылғынып таға алмаймын. Арасында имиджді өзгерткенге дайрект толып қалып жатыр", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова