Қыжыл, іштің кебуі: мандаринді көп жеудің салдары қандай?

Гастроэнтеролог Евгения Мельникова мандаринді көп жеуге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лента.ру" басылымына сілтеме жасап. 

"Мандариндерді көп жеу қыжылды қоздырып, гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы, гастрит, асқазан-он екі елі ішек жарасы сияқты дерттердің белгілерін күшейтуі мүмкін. Бұдан бөлек, бұл жемісте жасұнық көп, сондықтан ол іштің кебуіне және газдың көбеюіне әкеледі", - деді дәрігер.

Гастроэнтеролог мандариндердің тұз қышқылының бөлінуін ынталандыратынын да айтты. Сондықтан оны артық жеу асқазан-ішек жолының созылмалы ауруларының асқынуына себеп болуы ықтимал.

Мельникова цитрус жемістері күшті тағамдық аллергендер екенін де атап өтті. Оларға реакция әртүрлі болуы мүмкін: бөртпе, қышыну және терінің қызаруынан бастап конъюнктивитке, мұрыннан су ағуға және Квинке ісінуіне дейін. Мамандының айтуынша, қысқы мерекелер кезінде аллергиялық ұстама қаупі жүйелі түрде артық тамақтану және иммун жүйесіне түсетін жүктеменің артуы салдарынан жоғарылайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!