- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қыдырәлі Болмановтың балабақшада...
Қыдырәлі Болмановтың балабақшада қызымен билегені Қарақатты жылатты
Қызымен балабақшада билеп, өнер көрсеткен әнші Қыдырәлі Болманов Желіні тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны әнші Қарақат Әбілдина Instagram-парақшасына салған. Видеода Қыдырәлі Болманов қызы Аяламен балабақшада өнер көрсетіп жатқанын көруге болады.
"Әкесі мен қызының мерекеге би дайындағанын бүгін концертте бір-ақ білдім. Тосынсый. Өте әсерлі номер болды. Қыдекем қызымен сахнада осылай билейтінін көп жыл бұрын ойлады ма екен? деген небір ойлар көңілімді босатып, жүрегімді елжіреткені рас. Алла ұлық. Әдемі көңіл сыйлағандарың үшін, бар болғандарың үшін рақмет, жандарым!", - деп жазды Қарақат Әбілдина.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әншінің оқырмандары да бұл видеоны көріп, көңілдері босап кеткен.
"Керемет, кыздарды осылай құрметтеу керек, үлгі тұтар әдемі би", "Иә, қыз үшін әкенің орны бөлек, әке мен қыз арасында байланыс ерекше", "Керемет, қыз бала әкеге жақын болады, әрқашан, жарасып тұр Алла тіл көзден сақтасын", "Қыдырәлі балажан кісі ғой, өте әсерлі сәт", - дейді Әбілдинаның оқырмандары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина