КВН ойындарының жүргізушісі Александр Масляков қайтыс болды

КВН ойындарының жүргізушісі Александр Масляков қайтыс болды
Фото: КВН ойындарының баспасөз қызметі

КВН ойындарын 60 жылдан астам жүргізген Александр Масляков қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы КВН одағының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.

"Александр Васильевич Масляковтың 2024 жылғы 8 қыркүйекте қайтыс болғанын ауыр өкінішпен хабарлаймыз", - делінген хабарламада. 

Александр Масляков көзі тірісінде көптеген марапатқа ие болған. Отанға сіңірген еңбегі үшін орденінің иегері. AMiK шығармашылық бірлестігінің негізін қалаған. Ресейлік ойын-сауық телеарнасының дамуына үлкен үлес қосқан.  

"Александр Масляков КВН қозғалысының барлық қатысушылары мен миллиондаған көрермендер үшін аңыз болды және мәңгі есте қалады. 1964 жылдан бастап ол Ресейде және шетелде әзіл мен сатира символына айналған КВН бағдарламасын жүргізді", - деп жазылды КВН ойындарының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КВН (@kvnofficial)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева