Кембридж ғалымдары квантты компьютерлерге арналған алғашқы оперативті жүйені құрастырды. Платформаның құрастырылуы жаңа заманның қуатты компьютерлерін жасаудағы негізгі қадамдардың бірі болып отыр.
t|ket> атауына ие оперативті жүйе Cambridge Quantum Computing (CQCL) компаниясының бастауымен құрастырылып, квантты процессоры бар суперкомпьютер шығаруға бағытталады. Аталған компания өкілдерінің айтуынша, жаңа бағдарламалық қамту квантты есептеу жүйесінің нарыққа енуіне септігін тигізетін болады.
t|ket> жүйесі болашақта компьютерлік технологияның дамуына ықпал ететіні белгілі. Себебі қазіргі Titan секілді суперкомпьютерлер астрономия, астрофизика, квантты және ядролық физика сынды ғылым салаларындағы зерттеулерде қауқарсыздығын көрсетіп жатыр. Сондықтан жаңа құрылымға ие есептеу құрылғысы бізге ауадай керек болатынын ғалымдар алдын ала болжап отыр.
Квантты компьютерлер өзінің жоғары дәрежедегі есептеу қуатының арқасында үлкен потенциалға ие болып, компьютерлер саласында төңкеріс жасайтын болады. Сондықтан аталған саламен мемлекетттік және мемлекеттік емес компаниялар мен ұйымдар айналысып келеді. Олардың барлығы есептеу техникасының болашағы квантты компьютерлермен тікелей байланысты боларына сенім білдіріп отыр.
Айта кетсек, квантты есептеу идеясын Google мен NASA белсенді түрде дамытуда.
Ұқсас жазбалар:
Intel флешкамен бірдей компьютер шығарды
Mouse-Box – поляктар ұсынған мини-компьютер