Құзырлы органдар Абай облысындағы өрттің себебі ретінде қасақана өртеу туралы болжамды зерттейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде өрт қасақана жасалған әрекеттен пайда болғаны айтылған. Желіде тараған видео авторының сөзінше, Абай облысындағы өрт найзағайдан емес, әдейі қойылған болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта құзырлы органдар бұл мәселені зерттеп жатыр. Тергеу барысында өртті қойған болуы мүмкін адам мен оның себебі анықталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!