- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күзге дейін қайда...
Күзге дейін қайда демалып үлгеруге болады?
Жаз бітті, бірақ әлі демалмағандар да бар. Жаздың соңғы айын тиімді пайдаланып, уақытын қызық өткізгісі келетіндерге арнап Massaget.kz тамызда баруға болатын жерлер топтамасын ұсынды.
Тамызда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері мәліметінше, тамызда ауа райы тұрақсыз болады. Ал термометр бағаны +25 градусқа дейін көрсетеді.
Қандай музей, көрмелер бар?
- "Абай мұрасы - халық қазынасы" көрмесі 24 тамызда сағат 10:00-де өтеді. Билет құны 200 теңгеден басталады. Мекенжайы - Алмалы ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 132.
- Д.А. Қонаев музейі, билет құны 200 теңгеден басталады. Мекенжайы - Төлебаев көшесі, 117.
- С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешені музейі сейсенбі мен сенбіде сағат 10:00-18:00 аралығында ашық болады. Мекенжайы - Төлебаев, 125.
- Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы, мекенжайы - Желтоқсан, 137.
Концерттер
- EVERGLOW (에버글로우) - 2019 жылы Yue Hua Entertainment компаниясында дебют жасаған және бірден бүкіл әлем бойынша үлкен фанбаза жинаған топ. Олар 27 тамызда сағат 20:00-де Алматыдағы Almaty Arenа-да өнер көрсетеді. Кештің арнайы қонағы - Ninety One. Билет 7000 теңгеден басталады.
- "Братья Грим" тобы - ресейлік поп-рок жанрындағы топ. Олар 19 тамызда сағат 21:00-де өнер көрсетеді. Мекенжайы - "САМИЗДАТ" бары.
- Summer Forum 20 тамызда сағат 12:00-де басталады, онда атақты Орда тобы өнер көрсетеді. Мекенжайы - Cейфуллин, 617. Кіру құны тегін.
- Рахат-Би Абдысағиннің "Призраки Бессмертия" атты концерті 28 тамызда сағат 18:00-де өтеді. Мекенжайы - Қалдаяқов, 35. Билет құны 3000 теңгеден басталады.
- Тұрар Досекештің кеші 19 тамызда сағат 19:00-де өтеді. Мекенжайы - OTTB кафесі, Бәрібаев, 36.
- Standup.almaty-ның 18 тамызда сағат 20:30-да қонағы бола аласыздар. Кіру құны 2000 теңгеден басталады.
Атпен серуен
- Шымбұлақта атпен серуен, мекенжайы - Керей-Жәнібек хандар, 640/3. Күн сайын 10:00–17:30 аралығында жұмыс істейді, ал 1 сағат серуен құны 10 мың теңгеден басталады.
- NOMAD мектебі, мекенжайы - Абай даңғылы, 50/1, күн сайын 9:00-19:00 аралығында ашық болады. Мұнда 50 минут - 7000 теңге.
- Oi-Qaragai орталығының мекенжайы - Талғар ауданы. Ол дүйсенбі мен жексенбіде 9:00-18:00 аралығында жұмыс істейді, ал 30 минут атпен серуен құны - 7900 теңге;
- "Арғымақ" орталығы дүйсенбі мен жексенбіде 9:00-18:00 аралығында жұмыс істейді, мұнда 30 минут серуен құны - 5000 теңге;
- Horseexplorersalmaty орталығы күн сайын 09:00-20:00 аралығында ашық болады, серуен құны - 7000 теңге;
- Almaty Hills ат клубы сейсенбі мен жексенбіде сағат 9:00-18:00 аралығында жұмыс істейді, атпен серуен құны - 7000 теңге.
Таудағы арнайы демалыс
- Menin House Көктөбе аумағында орналасқан. Мұнда жұмыс күндері демалу - 30 000 теңге, демалыс күндері - 35 000 теңге.
- Keremet Glamping Ұзынағашта орналасқан, 2 адамға демалу құны - 60 000 теңге, 5 адамға - 80 000 теңге.
- Aua Glamping Талғар ауданында орналасқан, жұмыс күндері демалу - 60 000 теңге, демалыста - 70 000 теңге.
- Talgar glamping Талғар ауданында орналасқан, жұмыс күндері демалу - 30 000 теңге, демалыста - 40 000 теңге.
- ГОРА Бесқайнар ауылында орналасқан, жұмыс күндері демалу - 40 000 теңге, демалыс пен мереке күндерінде - 50 000 теңге.
- Тау-Тас Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орналасқан, демалыс күні 38 мың теңге, жұмыс күні 28 мың теңге.
Көлсай-Қайыңды, Түрген. Алматыда тағы қайда баруға болады?
Қазір кез келген тур орталықтар арқылы мына бағыттарда саяхаттауға болады:
Көлсай, Қайыңды, Шарын, Бартоғай, Ассы, Алакөл, Түрген, Үлкен Алматы көлі, Көкжайлау.
Ж. Қадыржанова