Күзгі суық келді: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Күзгі суық келді: үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: Midjourney

Қазгидромет 11, 12, 13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оңтүстіктен басқа өңірлерде күн салқындап, жаңбыр жауады. 11 қыркүйекте солтүстікте, 11-12 қыркүйекте шығыста, 11-13 қыркүйекте Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр жауады, солтүстік пен шығыста бұршақ жауып, жел соғады.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Ауа температурасы төмендейді:

  • Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +15…+25°С;
  • Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, күндіз +8…+20°С;
  • Солтүстікте түнде +1…+7°С, күндіз +8…+16°С;
  • Орталықта түнде +1…+10°С, күндіз +10…+20°С;
  • Шығыста түнде +1…+11°С, күндіз +15…+23°С-қа дейін жылынады;
  • Оңтүстікте түнде +12…+20°С, күндіз +23…+33°С-тан +25…+35°С-қа дейін ауытқиды;
  • Оңтүстік-шығыста түнде +12…+17°С, күндіз +24…+32°С.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget