Биыл егін жинау кезінде кәсіпкерлерге жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы бойынша 580 млрд теңге несие берілген. Бұл былтырмен салыстырғанда 3 есе көп. Бұл туралы Massaget.kz тілшісінің Ауыл шаруашылығына жолдаған сауалына жауапта айтылды.
Ведомство мәліметінше, бүгінде облыс әкімдіктеріне элеваторлардың тәулік бойы жұмыс жасауын қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Бұдан басқа "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ желісі бойынша көктемгі егін егу және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы 140 млрд теңгеге жетіп, 3,8 мың АШТӨ қаржыландырылды.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының желісі бойынша азық-түлік корпорациясының ресурстарына астық жеткізудің қажетті көлеміне келісімшарт жасалды, ол үшін форвардтық сатып алу шеңберінде 40,0 млрд теңге бөлінді.
Жалпы, көктемгі егістікпен егін жинау жұмыстарына бөлінген жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңге болды, бұл былтырмен салыстырғанда 3 есе көп.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның күзгі егін жинауға қаншалық дайын екені хабарланған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз