Ақтауда балалар жұмыс істемейтін аттракциондарда ойнап жүр. "Ақбота" паркіндегі аттракциондарда күзет жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Қала тұрғындарының сөзінше, балалар аттракциондар қауіпті болғанына қарамастан ойнап жүр.
"Бүгін істен шыққан аттракционда балалар ойнап жүргенін көрдік. Қолмен айналдырып жатыр. Маусым басталар алдында оны кім тексеретіні түсініксіз. Балалар да жарақат алып қалуы мүмкін", - дейді жергілікті тұрғын.
Айта кетейік, басылым мәліметінше, наурыз айының басында қалалық әкімдікте кәсіпкерлер "Ақбота" саябағының аумағын босатқаннан кейін оны сенімгерлік басқаруға беретінін хабарлаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!