- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күзетші ұйықтап жатқан:...
Күзетші ұйықтап жатқан: Астанада қонақүйден 1 миллион теңгеге жуық ақша ұрланды
Астанада күзетшісі ұйықтап жатқан қонақүйдің кассасынан 1 миллион теңгеге жуық ақша ұрланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Астана қаласы ПД Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қонақүй кассасынан 1 миллион 52 мың теңге ұрлады деген күдікпен 28 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Ер адам түнгі уақытта оңай олжа іздеп жүріп, есігі ашық қонақүйді байқаған.
Күдікті ішке кіргенде күзетші мен әкімшінің ұйықтап жатқанын көріп, кассадан қомақты сомада қолма-қол ақша оралған пакетті жасырын алып кеткен. Ұрланған ақшаның жартысын ол өз керегіне жаратып үлгерген. Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам қылмысын мойындады. Сондай-ақ, оның елорда аумағында жасалған ұрлықтың тағы екі дерекке қатысы бары анықталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек