Қызылорда облысында білім ордаларынан былық шықты. Өңірдегі сегіз мектеп директоры мен есепшілері ірі мөлшерде мемлекет қаржысын жымқырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Qazaqstan.tv.
Телеарна мәліметінше, Жаңақорған ауданында алты заңбұзушылық дерегі тіркелген. Жауаптылар мектепте мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға еңбекақы аударып, құжатты бұрмалап келген.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы №112 мектептің күзетшісіне бір айда 6 миллион теңге үстемеақы төленген. Осындай сыбайлас жемқорлық деректерінен кейін облыстағы барлық білім ошағына жіті тексеру жүргізілетіні белгілі болды.
"Бір ғана №51 орта мектеп бойынша ұрланған қаражат көлемі 117 миллион теңге болады", - деді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашықов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!