- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қолайсыз ауа райы
Күздің соңғы күнінде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?
Синоптиктер ертең, 30 қарашада елдің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде көктайғақ.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман.
Ақтөбе облысының батысында, орталығында тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде Жарма ауданында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Шымкентте түнде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Атырау облысының шығысында тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан