- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күздің соңғы күнінде...
Күздің соңғы күнінде бірнеше өңірде қар жауып, көктайғақ болады
Синоптиктер 30 қарашада бірнеше қар жауып, көктайғақ болатынын және тұман түсетінін болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада көктайғақ болады.
Қарағанды облысының түнде солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматыда таңертең және күндіз тұман күтіледі.
Ақтөбе облыстың батысында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың батысында және солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың басым бөлігінде көктайғақ, облыстың батысы мен солтүстігінде тұман, облыстың солтүстігі мен шығысында бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында күші 15-20, екпіні 25 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.
Шымкентте түнде және таңертең кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан