• 489.59
  • 490.7
  • 5.67

Күзде жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны өлі табылды

Күзде жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны өлі табылды
Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

2024 жылғы күзде жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны екі айдан кейін өлі табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1994 жылы туған Айша Мұратбекқызы Хамит 26 қарашада жоғалып кеткен. Бұл күні ол Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылы Наурыз көшесі 6-үйден шыққан.

Белгілері: бойы 160 сантиметр, дене бітімі арық, шашы ұзын қара, көзі қоңыр.

Үстінде қара қысқа күрте, хиджаб киген.

Еріктілердің айтуынша, әйел 30 қаңтарда өлі табылған. Өлімнің мән-жайы айтылмады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лес