Күзде жаңа пандемия басталатыны рас па? Factcheck.kz бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маусымда WhatsApp мессенджерінде "екпе егетін пластырь" туралы видео тарады. Бейнеролик әлдебір әйелдің күзде жаңа пандемия басталады деген мәлімдемесінен басталады, ол жаңаша екпені салу үшін Украинаға пластырь жеткізілді дейді. Айтуына қарағанда, пластырь көмегімен адамдардан рұқсат сұрап жатпай-ақ, құпия егетін көрінеді. Осыдан кейін видео үзіледі де, бірнеше иллюстрациядан кейін ер адамның дауысы естіледі. Ол екпесі бар пластырь мен оның тиімділігі туралы айтып, артынша мұны дәріханада қарапайым пластырь орнына беріп жіберуі мүмкін деп қорқытады.
Factcheck.kz мәліметінше, бұл - жалған ақпарат.
"Дәлірек айтсақ, 2023 жылы теріске шығарылған зомби фейк. Видео долбар мен манипуляцияға құрылған. "Алда келе жатқан пандемия", "Украинаға жеткізілген пластырь", "құпия егу" деген негізгі идеяның ешбіріне нақты дәлел жоқ. Ал пластырь көмегімен егу технологиясы қазіргі сәтте әлі де сынақтан өту кезеңінде", - делінген хабарламада.
Бұл видеоны Балтық жағалауы елдерінің Re:Baltica журналистік зерттеу орталығы да тексеріп, ондағы тұжырымдарды жоққа шығарған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек