Күзде иммунитетті көтеру үшін шайға не қосу керек?

Күзде иммунитетті көтеру үшін шайға не қосу керек?
Фото: pixabay.com

Күзде көпшілік адам тұмаумен ауырады. Тұмаудың алдын алу үшін иммунитетті көтерудің амалдарын қарастырған жөн. Иммунитетті арттыру үшін таза ауада жиі серуендеу, денені шынықтыру және дұрыс тамақтану керек. Ішіп жүрген шайыңыз пайдалы болу үшін және ол иммунитетке көмектесу үшін оған не қосу керек?

Тұмау маусымы кезінде шайға лимон мен зімбір қосып ішу керегін білеміз. Мәзіріңізді түрлендіру үшін шайға басқа не қосуға болады?

Қарақат 

Қарақат жидегінде С дәрумені өте көп. Сондықтан ол тұмау және басқа да аурулардың жұғуына қарсы тұра алады. Қарақат шайын дайындау оңай: қарапайым қара шай демдейсіз және оны суытасыз. Содан соң шайға мұздатылған қарақат немесе одан жасалған тосап саласыз. Бұл сусынға бірнеше қасық минералды су құюға болады.

Мүкжидек 

Күздің келуімен әр үйде болуы керек жидек – мүкжидек. Бұл жидектен жасалатын табиғи морс микробтарға қарсы әсерге ие. Оны дайындау үшін қарапайым қара немесе көк шай демдейсіз, содан соң оған мүкжидек шырынын құясыз. Бұл сусын одан әрі пайдалы әрі дәмді болу үшін оған жаңа сығылған апельсин шырынын да қосуға болады.

Шырғанақ (облепиха)

Зімбірден шаршаған болсаңыз, оны шырғанақ алмастыра алады. Тіпті, тұмауратып қалған болсаңыз, шырғанақ қосылған шай жылдам жазылуға көмектеседі. Шырғанақты блендермен езіп алыңыз, оған аздап даршын және бал қосыңыз. Содан соң осы қоспаны ыстық шайға салыңыз.

Оқи отырыңыз: Еттен кейін газдалған сусын ішу дұрыс па? Нутрициолог жауап берді

А. Жапатова