Күзде бет күтіміне қатысты 5 кеңес

Күзде бет күтіміне қатысты 5 кеңес
Фото: Көрнекі сурет

Күз мезгілінде күн суытып, тері құрғап, ылғалдандыруға мұқтаж болады. Мұндайда бет күтімінде мына ережелерді ұстану керек, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күзде адамның ішкі күйі де, сыртқы келбеті де өзгеріске ұшырап, қолдау мен күтімді әдеттегіден көбірек қажет етеді. Плейлист көңілсіз, мұңды әндерге толады. Ал бет терісі жылыту маусымы мен бөлмедегі құрғақ ауаға байланысты ылғалды әдеттегіден көбірек қажет ете бастайды.  

Қазақстандық ELLE.kz журналы күзде бет күтімінде ескеру керек бес ереже туралы жазды. 

Теріңді ақырын тазала

Тазарту үшін сезімтал теріге немесе құрғақ теріге арналған өнімдерді таңдау керек. Олардың құрамында терінің табиғи тосқауылын сақтай отырып, жұмсақ тазартатын компоненттер бар.

Жылы сумен жуын

Ыстық су терінің липидтерін кетіреді, ал бұл өз кезегінде құрғақтықтың себебі болуы мүмкін. Салқын сумен жуыну салқын ауа райында терінің қабыршақтануын туғызады. 

Ауа ылғалдатқышты қолдан

Сырттағы температураны реттеу біздің қолымызда емес. Алайда үйде болғанда біз өзімізді ыңғайлы, пайдалы климатпен қамтамасыз ете аламыз. Әдетте бөлме үшін оңтайлы температура – 20-22 градус. Ауаны ылғалмен қанықтыратын арнайы құрылғының көмегімен бет терісінің де ылғалдылығын қалыптастыратынымызды ұмытпайық.

Дұрыс тамақтан

Теріні іштей қолдау – сырттай күтім көрсеткеннен әлдеқайда маңызды. Сондықтан ас мәзіріне Омега-3 май қышқылдары мен антиоксиданттарға бай тағамдарды қосқан жөн.

Теріні ылғалдандыр

Жылыту маусымында ылғал беретін крем мен сарысуларды дымқыл теріге жағуға кеңес береді мамандар. Бұл эпидермистің ішіндегі ылғалдың мөлшерін сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар мұндай құралдарды көшеге шыққанға дейін 15-30 минут бұрын қолдану керек, сонда сіңіп үлгереді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева