- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күзде бет күтіміне...
Күзде бет күтіміне арналған кремдерден бас тарту керек пе? Дерметолог түсіндірді
Нәзік жандылар жылдың кез келген уақытында жарқырап жүргісі келеді. Сол үшін бет күтіміне ерекеше назар аударады. Алайда пигментацияны құрғатып, қоздырған ыстық жаздан кейінгі суық желдер мен температураның күрт өзгеруі тері күтіміне теріс әсер етуі ықтимал. Дерматолог Алена Романова белсенді ультракүлгін сәулеленуден, ыстық ауадан және құрғақ желден салқын, ылғалды ауа-райына ауысу бет пен дене терісіне күтімді арттыруды талап ететінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Маусымның өзгеруі әрқашан теріге стресс болып табылады. Күз - тері үшін жылдың ең қиын мезгілі. Күзгі маусымның басталуымен теріде пиллинголар, құрғақтықтың жоғарылауы, қартаю дақтары артады.
Пигментацияның пайда болуы әсіресе жазда күннен қорғайтын кремдерді қолдануды елемегендерге ерекше әсер етеді. Сонымен қатар, күздің бірінші жартысында жылыту маусымы басталады. Бұл теріні қатты күйзеліске әкеледі. Сондықтан оны нашарлатпау үшін, бет пен дененің кейбір мәселелерін түзету үшін үйде дұрыс күтім жасау керек.
Ыстық сумен бетіңізді жумаңыз
Сыртта және үйде температура айырмашылығына байланысты тері құрғап, қосымша ылғалдандыруды қажет ете бастайды. Мұнда қосымша температураның өзгеруін болдырмау маңызды. Егер сіз суық желде немесе жаңбырда оралсаңыз, бірден ыстық сумен бетіңізді жумаңыз.
Ыстық су майды бетінен жуады, теріні табиғи ылғалдан тазартады және гидролипидті мантияны жұқартады. Ол нәзік эпидермисті құрғақ ауадан және сыртқы ортаның агрессиясынан қорғайды. Дегенмен ыстық су қолдың терісіне де теріс әсер етеді. Шамадан тыс құрғақтықты тудырады және жарықтар пайжа болады. Су тым ыстық емес, жылы және жайлы болуы керек.
Теріні ылғалдандыру және нәрлендіру керек
Күзде тері күтіміне баса назар аудару ылғалдандыру мен тамақтануға тікелей байланысты. Себебі ол уақытта терінің жүктемесі артады және оған қолдау қажет. Жақында суық мезгілде ылғалдандырғыштарды қоректік, тығыз және майлы етіп өзгерту керек деген пікір қалыптасты. Дегенмен бұл бәріне ортақ қағида емес.
Нәрлендіретін кремдерде май бездерінің жұмысына кедергі келтіретін және безеулер мен комедондарды (қызыл қабынған безеулер мен қара нүктелер) қоздыратын әртүрлі майлар бар болуы мүмкін
Бөртпелерге бейім майлы терінің иелері үшін мұндай өнімдер қолайлы емес. Кейде брендтер бір кремнің екі нұсқасын шығарады. Біреуі майлармен нәрлендіреді, екіншісі жәй ғана ылғалдандырады. Сондықтан мұны сатып алу кезінде ескерген жөн. Ал егер тері майлы болса, жеңіл, майсыз текстураны таңдау керек.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов