- Негізгі бет
- LifeStyle
- Күзде балаға суық...
Күзде балаға суық тию қаупін қалай азайтуға болады?
Ұйқы режимін сақтау баланы күзгі тұмаудан құтқарады. Бұл жайлы педиатр Юлия Ровенская айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Радио 1-ге" сілтеме жасап.
Оның айтуынша, балалар міндетті түрде жеткілікті ұйықтауы керек.
"Мысалы, бес жасқа дейінгі балалар күніне шамамен 13 сағат, ал сегіз жастан кейін кем дегенде тоғыз сағат ұйықтауы керек", – дейді педиатр.
Ол бала күзде сондай-ақ дұрыс тамақтануы және оның рационында D дәрумені болуы керек екенін айтты. Ол жұмыртқа, балық және сиыр бауыры сияқты тағамдарда кездеседі.
"Сонымен қатар тұмауға қарсы ең тиімді құралдардың бірі – вакцинация. Бұл инфекциядан қорғауға толық кепілдік бермейді, бірақ асқынулардың болмауына және аурудың ауыр өтпеуіне көмектеседі", – дейді маман.
Сонымен қатар бала даладан келген сайын қолын жууы керек. Сондай-ақ маман баланың мұрнын дәріханалық тұзды ерітінділермен шаюды ұсынды.
"Пәтерді күніне кемінде екі рет желдету керек, ал маусымдық тұмау басталған кезде үйді күнделікті ылғалды тазалау ұсынылады", – деп қорытындылады дәрігер.
Оқи отырыңыз: Тұмауратып қалған баланы далаға серуендеуге шығаруға бола ма?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова