Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жан сырын ақтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, өнер иесі қазір күйзелісте жүр.
"Күз айы – мен үшін депрессия. Осы айда қатты күйзеліске түсемін. Зәкеңнен айырылып, жаралы жүрек осы күнге дейін шерлі. Осы күнге дейін өлтірген адам табалмай, халықтың алдында ешкімді ұстап бермеді. Сол ашылған күні тек айран ішер едім", – деп жазды ол.
Сондай-ақ әнші оқырмандарының "қайда жоғалып кеттіңіз" деген сұрағына да жауап берді.
"Өмірден өтіп кететін сияқты күйде төсек тартып жатырмын. Ешкімге тіл тигізген жоқпын, аман болыңыз" – деп жазды ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!