Күйзеліс шамадан тыс ұзаққа созылса, адам денсаулығына кері әсерін тигізіп, ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы психолог, психотерапевт Екатерина Волхонская айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
"Созылмалы түрге айналатын ұзақ мерзімді күйзеліспен күресу керек, өйткені ол гормоналды жүйеге теріс әсер етеді, иммунитетті әлсіретеді және әртүрлі аурулардың дамуына түрткі болуы мүмкін. Сонымен қатар, ол жиі тамақтануға әкеп соғады", - деді маман.
Волхонская күйзелістің салдарымен күресудің бір әдісі физикалық белсенділік екенін айтты. Маман ашық ауада серуендеу де күйзелісті жеңуге көмектесетінін жеткізді.
Шығармашылық та күйзелісті жеңуге көмектеседі: сурет салу, би билеу, ән айту, қолөнер. Егер қолөнермен айналысуға мүмкіндік болмаса, тыныс алу жаттығуларын жасап көрген жөн.
Маман жануарлармен уақыт өткізу арқылы күйзеліске қарсы тұруға болатынын айтты. Оның сөзінше, жануарлармен қарым-қатынас әлеуметтік байланыстар мен сенімді қатынастарды құруға көмектесетін гормон - окситоцин деңгейі жоғарылауына ықпал етеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!