Қазақстандық журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында тасжолда орналасқан қоғамдық дәретханалардың жұмыс уақытына шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Арқарлы асуындағы дәретхана таңғы 09:00-дан бастап қана жұмыс істейді екен.
"Алматыдан Алакөлге кетіп бара жатырмыз. Таңғы сағат 06:00. Мынау Арқарлы асуындағы "ҚазАвтоЖол" салған дәретхана. Артта жүрген аула тазалаушы "дәретхана 09:00-да ашылады" дейді. Осылар қызық ей?! Бір банк, ХҚКО немесе дәмхана секілді. Дәретхана деген 24 сағат бойы істемей ме?! Себебі, қуыққа әмір жүрмейді, айналайындар. Түсінбейсің осыларды, "дәретхана 09:00-да ашылады" деген не сөз", - дейді журналист.
Тағы да оқи отырыңыздар: Балаға ыстық түсіретін дәріні неше рет беруге болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!