Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа түскен келіндерге кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram желісінде бөлісті. Оның айтуынша, қазір асүйде келіндері мен көмекшілері көмектеседі, алайда жолдасы мен балаларына асты өзі әзірлеуді жөн көреді. Продюсер келіндерге үйде әдемі болып жүруге кеңес берді.
"Негізі үйде жүргенде әдемілеп киініп алыңыздар. Балаларыңыз да қуанып отырады, көңіл күй де күшті болады, жолдасыңыз да сізді құрметтейтін болады. Көбі шайдің басында күйеуімен ырылдасып отырады ғой, бұдан бала-шағаның көңілі түсіп кетеді.
Сол себепті қолыңыздан келгенше күліп отырып, әдемі киініп, тамағыңызды жақсылап дәмдеп, шайіңізді берсеңіз, келешекте балалар үшін де жақсы болады. Кейін өздерінің әйелдерін солай құрметтеп, қарсы алатын болады. Күйеуіңізге айтатын сөзіңізді жатын бөлмеге барғанда жеке айтыңыз. Балалардың алдында оның абыройын түсірмеңіз. Олардың да әкесіне деген құрметі күшті болады. Сол ісіңізге қарап, күйеуіңіз сізді сыйлайды. Сізге разылығын білдіріп отырады", - дейді Гүлзира Айдарбекова.
Желі қолданушылары продюсердің кеңесіне пікір білдірді.
"Отбасы ұйытқысы, бірлік, әйел бақыты деген тақырыпты осылар айтса болады ғой, әдемі келіншек, балалары өсіп-өнген, бақытты әйел", "Кеше келген келінге қарағанда, өмір көрген әйелге бұндай кеңес жарасымды", "Осындай отбасылық өмірде тәжірибесі бар әйелдер айтса жарасымды сияқты .Өздері кеше ғана үйленіп, ертеңінде отбасылық өмір, ер мен әйелдің қарым-қатынасы туралы үйрететіндерге таңғаламын", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!