Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде оқырмандарына кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде ол қайын енесімен бірге жүрген жылы көріністерді жариялаған.
"Мамам екеуміздің вайбымыз бөлек, сіздерде бір сүйсініп қарайсыздар ғой. "Береке үлкендермен болады" делінген хадисте. Күйеуінің жүрегін жаулағысы келген келін енесінің жүрегіне жол табуы тиіс. Айтыскер Балғынбек Имаш: "Жар алдында беделді еркек - ана алдында бас иіп тұрады, ері алдында төмендеген әйел - ар алдында биік тұрады" деген", - деп жазды ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!