TikTok желісінде енесіне пранк жасап, ашуланған келіннің видеосы қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бейнежазбаны Nurzhan Aziza есімде қолданушы салған. Видеода келін енесіне ашуланып, "шай қоя салмадыңыз ба" деп ашуланып, дауыс көтереді. Енесі түсінбей, ұлына хабарласқан сәтте, пранк екенін айтады.
@nurzhan_aziza_ Пранк над енешкой ?❤️ Баттл есть баттл )) #пранк #шутка ♬ оригинальный звук - Nurzhan Aziza
Бұл кадр TikTok желісінде 20 мыңға жуық лайк пен 1000-нан астам пікір жинаған.
Видеоға желі қолданушылары бейнежазбаға "апаны көріп, жүрегім ауырып кетті", "енесі сабырлы екен", "күйеуінен қорқып кетті-ау, бірден жүгіріп келді", "апаға жаным ашып кетті", "бірінші ұрысқа ұқсамайды ғой", "бірден ұлына жамандады", "келесіде енесі тамақ істеп қоятын шығар" деп жазды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!