- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Күйеуін қызғанған". Астанада...
"Күйеуін қызғанған". Астанада белгісіз әйел екі қызды ұрып-соққан
Астанада белгісіз әйел екі қызды ұрып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жәбірленушінің айтуынша, оқиға 26 тамыздан 27 тамызға қараған түні Бейбітшілік көшесінің бойында болған. Белгісіз әйел екі қыздың басынан доғал затпен ұрған және бір қыздың қабағын жыртып жіберген.
Қыздың айтуынша, ол құрбысымен үйдің кіреберісінде отырған, осы кезде көрші ер адам келіп, қыздардан телефон арқылы біреуге хабарласып жіберуін өтінген. Қыздар телефонын берген.
Кейін қыздар балалар алаңына барып отырғанда жандарына 1 ер адам мен 2 әйел жақындаған. Әйелдердің бірі қыздарды ұрып-соға бастаған. Бұл кезде басқалары қарап тұрған. Жәбірленушінің айтуынша, әйел күйеуін қызғанған.
Елорда полицейлері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша Сарыарқа аудандық полиция бөлімі өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша соталды тергеуді бастағанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек